Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық жер қатынастары бөлімі ұжымына жаңа басшы Жанболат Мұхамбетжановты таныстырды.
Жанболат Мұратжанұлы 1982 жылы 16 наурызда Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2007 жылы Еуразия академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған.
2010 жылдан бастап аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының консультанты, аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы, Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Аралтөбе, Талдыбұлақ ауылдық округтерінің әкімі, Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі аппаратының бас инспектор заңгері қызметтерін абыроймен атқарды.
2021 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
Отбасылы, үш ұлы бар.
Аудан әкімі жаңа басшының жұмысына сенім білдірді. Ж.Мұхамбетжанов өзіне артылған міндет пен сенім жүгін арқалап, еңбек етуге дайын екенін айтты.
Айжан Амангелдина
Сырым ауданы