14.09.2023, 16:15
Оқылды: 37

БҚО-да төрт жасар баланы ит қауып алды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында төрт жасар баланы ит қауып алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

ЖП ИТ

Ер бала балабақшадан келгеннен кейін ауланың сыртында алаңсыз ойнап жүрген. Кенет көрші ауладан шыққан алабай сәбиге қарай жүгірген.

Итке таланып қалған баланың аталық безіне зақым келген. Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа ауыр дейді. Оған күрделі операция жасалды. Он шақты күн дәрігердің бақылауында болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале