Бүгін Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова мен аудандық «Мансап» орталығының директоры Миранбек Ибатов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын талқылап, ауыл тұрғындарымен пікірлесу мақсатында Талов ауылының тұрғындарымен жүздесті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы өткен болатын.
Жыл сайынғы үрдіс бойынша Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мәні мен мағынасы терең Жолдауын жариялады. Көреген басшы Жолдауды халыққа ұсынатын бұл күнді жайдан-жай таңдап алмады. Себебі дәл сол күні билік тармақтарының өкілдері жүздесіп, арадағы байланысты одан сайын нығайта түседі. Еліміздің алған бағыты жарқын болашаққа бастайтын жол болса, оның негізінде ең бірінші халық пен билік өкілдері тұр. Яғни, халық пен билік арасындағы алтын көпірді жалғап тұратын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сарабдал саясаты деп есептеген жөн. Байқасақ, мемлекетіміз соңғы жылдарға қарғанда едәуір дамып, өркендеу үстінде.
Ел болған соң мәселе де болары сөзсіз. Талов ауылының тұрғындары ауылдан ел көшкеніне қапаланды. Осы орайда ақпарат тобының мүшелері ауылды сақтап қалудың жолдарын айтып, жаңашылдыққа бет бұруды ұсынды. Айта кетсек, ауылдың сәнін бұзған қиранды үйлердің амалын тауып, иелерімен келісіп, тазалық жұмыстарын жүргізген жөн. Жолдауда айтылған мәселелерді сіз бен біз болып қолға алмасақ, жүзеге асуы үшін тырыспасақ жаңа кезеңнің орнауы неғайбыл.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы