Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Пятимар ауылы әкімінің сайлауына байланысты кандидаттар арасында пікірсайыс өтті.
Алдымен үміткерлердің өмірбаяндарын Ақерке Ғабдуллина таныстырды.
Содан соң пікірсайыс басталды. Ол үш кезеңнен тұрды. Жеребе тастау арқылы реттік сандарын анықтады. Бірінші кезеңде ауыл әкімдігіне үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Екінші бөлімде кандидаттар бір-біріне сауал қойды. Соңғы бөлімде үміткерлер ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Ауыл халқы кім сайланса да, ел қамын ойлайтын, айтылған уәделерін орындайтын адам болсын деп тарқасты.
Жанна Миха
Жаңақала ауданы