18.09.2023, 16:15
Оқылды: 5

Жәнібек ауданында тасаттық садақасы берілді

«Жайлау» ат спорты кешенінде Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиевтің бастамасымен тасаттық рәсімі өтті.

78BBBC23-A2D4-4089-B247-9C28BE025BA9

Биыл жауынның аз жаууы шаруаның көңілін түсірді. Мал жолда жайылып, шөп шығымы төмен деңгейге түсті. Абдыраған халық сүтін алып, етін азық еткен төрт-түлік қыстан аман шықса екен дейді. Осы орайда қуаңшылық келгенін сезген дана қазақ Жаратқаннан жауын тілеп, тасаттық амалын жасаған.

Сонымен қатар, жан мен малдың амандығы үшін садақа беріліп, жауын тілеу намазы оқылды. Аудан әкімдігіндегі басшылардан қарапайым тұрғындарға дейін бірігіп, ортақ мәселенің бір Құдайдың ықыласымен оңтайлы шешілуін тіледі.

6720C690-D350-4C5A-9800-04A1174180AC

– Тасаттық мезгілге қарамайды. Қиын жағдайдың келгенін көріп, біле тұра сырттан тон пішетіндер болған және бола береді. Көктемде жаз жауынды болсын, мал көкке жарысын деп Алладан тілесе, күзде тап келген қуаңшылықтың беті қайтсын, шөлдеген даланың құмары қанып, қыстан аман шығайық деген мақсатта беріледі. Баршамызға Алла Тағала алдағы қыстан аман шығуды нәсіп етсін, - деді Есенболат Қадырұлы дастархан басында.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале