Бүгін Жаңақала ауданында «Арман асулары» фестивалі өтті.
Бұл байқау мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның тең мүшесі етіп, заман ағымына ілесуіне үлкен септігін тигізеді.
Фестивальге аудандық, ауылдық өңірлерден 7 жастан 16 жасқа дейін, 16 жастан жоғары жас аралығында мүгедектігі бар жастар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен мүгедектігі шектеулі жастар қатысты.
Фестиваль вокалдық орындау, аспаптық орындау, хореграфия, бейнелеу өнері, қолөнер, поэзия деген алты номинациядан тұрды.
Алдымен «Бейнелеу» және «Қолөнер» бағыттары бойынша үміткерлердің қолөнер бұйымдары фойеде жасақталған көрмені көрермендер мен әділқазы алқалары тамашалады.
Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева сөз алып, барша фестиваль қатысушыларына сәттілік тіледі. Өнерпаздар сахнада бар өнерлерін ортаға паш етіп, көрермен көзайымы болды. Бірі мың бұрала билесе, енді бірі нақышына келтіріп өлең оқып, тамылжыта ән айтты.
Фестиваль қорытындысы бойынша І орын алған өнерпаздар облысқа жолдама алды.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы