19.09.2023, 11:45
Оқылды: 31

Теректілік қарияларға құрмет көрсетілді

Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылдық мәдениет үйінде халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында мәнді кездесу кеші өткізілді. «Үлкендер  жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбымен өткен кеште ізіне ерген кішілерге ізетті, ұрпағына ұлы қасиеттер ұялатар, бір қауымға бас-көз бола білген қариялар жиналды.

5A385DFD-944C-4718-A37A-E243024A8C67

Ақжайық ауылдық округіне қарасты ауылдардың құрметті азаматтары, отау  құрғандарына 50-55 жыл толған жұптар, Абай ауылынан Наженов Қуан ата мен Наженова Сұлупан әже, Ақжайық ауылынан Қуанышқалиев Төлеген ата мен Молдағалиева Мәруа әже, Талпын ауылынан Мұханбетов Әділгерей ата мен Жұмабике әжеге халықтың алдында құрмет көрсетілді.

Дария көңіл қариялар өз басынан өткен, өмірдегі қызығы мен қиындығы мол оқиғалардан сыр шертті. Ән айтып, көңіл көтерді.

Шараға арнайы келген Теректі аудандық ішкі саясат бөлім басшысы Рауан Таңатжанұлы, Теректі аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Білікбай  Құбайысұлы құттықтау сөз сөйлеп, қадірлі қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті.

Орынша Түсіпқалиева

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале