24 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралағында Алматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасында 44-ші Әлем чемпионаты өтті.
50 елден әр түрлі салмақтағы 1000-нан астам спортшылар жиналған байрақты бәсекеге Батыс Қазақстан облысының спортшылары да қатысты, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде спорт шеберіне үміткер Гүлсезім Төлеген алтын, Қазақстан Республикасының спорт шебері Айдана Әлжан, спорт шеберіне үміткер Исламғали Мирай, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерует Байниязова күміс, спорт шеберіне үміткер Сұлтан Әділжанұлы қола жүлдеге ие болды.
Әлем чемпионатына қатысқан спортшыларды қала әкімі Миржан Сатқанов қабылдап, оларды жеңістерімен құттықтады. Спортшыларға алдағы додаларда биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата беруге тілектестігін білдірді.
zhaikpress.kz