22.09.2023, 9:00
Оқылды: 59

Теректіде Хамза Есенжановтың ескеткішіне гүл шоқтары қойылды

Әдебиет тарихында өзіндік орны бар белгілі қаламгер, жерлес жазушы Хамза Есенжановтың туғанына биыл – 115 жыл. Осы орайда Теректі өңірінде бірқатар іс-шаралар басталып та кетті.

47230540-350B-4279-A159-CE8BF5F6FBA5

Подстепный ауылдық округіндегі жазушының ескерткіш-мүсініне гүл шоқтарын қою шарасы өтті.

Басқосу барысында артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер Хамза Ықсанұлының өмірбаяны һәм шығармашылығы хақында әңгіме өрбіді.

E4B751CA-BB15-4E7B-BDAA-39476F45005F

Одан әрі аудан әкімі әкімі Әлия Мұханбетжанова бастаған бір топ меймандар жазушы ескерткішіне тағзым етті. Айталық, академик, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, Хамза Есенжановтың немере інісі Айтқожа Биғалиев, ақпараттық технологиялар виртуалды шындық саласының маманы, Хамза Есенжановтың немересі Хакім Есенжан, тарихшы, хамзатанушы Сайлау Сүлейменов және басқа да қатысушылар гүл шоқтарын қоюға қатысты.

18CA0776-A8A3-45D2-8FC5-8BBB7B6FA8AC

Хамза Есенжанов қазақ әдебиетіне үш кітаптан тұратын «Ақ Жайық» трилогиясы мен  «Жүнісовтер трагедиясын» жазғаны үшін ерен еңбегі жоғары бағаланып «Еңбек қызыл Ту» ордені мен «Құрмет белгісі» медалімен марапатталған.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале