2.10.2023, 14:30
Оқылды: 46

Теректі ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы №210 бұйрығымен Теректі ауданы әкімінің орынбасары болып Қалаубек Баубекұлы Теміров тағайындалды.

IMG-20231002-WA0173
Қалаубек Теміров 1984 жылы БҚО Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Қалаубек Баубекұлының есімі облысымызға кеңінен танымал.

2004 жылы БҚМУ-дағы «Ақиқат» пікірталас орталығының төрағасы қызметінен бастап, аталмыш оқу орнында бірқатар жауапты қызмет атқарған.

Облысымыздағы жастар саясатының дамуына да үлес қосқан. Бөкей Орда, Зеленов (қазіргі Бәйтерек ауданы), Жаңақала аудандарында түрлі қызметте болған.

IMG-20231002-WA0174
Аталмыш қызметке тағайындалмас бұрын Қалаубек Теміров бір жыл көлемінде БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.
Аудан әкімі Әлия Биғазықызы әкімдік аппаратына жаңа орынбасарын таныстырып, Қалаубек Баубекұлының жұмысына сәттілік тіледі.

Әділет Әлібекұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале