6.10.2023, 16:15
Оқылды: 40

Қажым Жұмалиев мектебі жеңімпаз атанды  

 

Қаратөбе ауданы орталығында Ұстаздар күні мерекесіне орай аудандағы білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында волейболдан, шахматтан, тоғызқұмалақтан аудандық спартакиада өтті.

Мұғалімдер спартакиада (5)

Мерекелік шараның ашылу салтанатында спартакиадаға қатысушы командалар сап түзеп, мемлекеттік гимн орындалды.

Ұстаздар күні мерекесіне арналған аталмыш спорттық жарысты аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан ашып, барша ұстазды мерейлі мейрамдарымен құттықтап, ойынға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Мұғалімдер арасындағы спартакиадаға ауданның барлық білім беру ошағынан келген 17 команда қатысып, бақтарын сынады.

Жалпы барлық команда да жарысқа жақсы дайындықпен келген. Мықты командалар финалға шығып, өзара тартысқа түсті.

Волейбол ойынының қорытындысында Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы І орынды жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды жеңімпаздармен тартысты ойын өрнегін көрсеткен Мұхит атындағы мектептің командасы қанжығасына байласа, Егіндікөл мектебінің командасы ІІІ орынға табан тіреді. Ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білген Ханкөл мектебінің командасы «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді.

Мұғалімдер спартакиада (7)

Ойындар барысында шеберлік таныта білген Жұмабек Бақсыбаев «Үздік қорғаушы», Нұрбек Сайнов «Үздік шабуылдаушы», Жасұлан Батырбаев «Үздік ойыншы», Руслан Аяпов «Көрермен көзайымы» аталымдарымен марапатталды.

Мерекелік жарыста шахматтан ерлер арасында сайысқа түсіп І орынды Досымхан Хамидуллин, қыздар арасында І орынды Нұргүл Жұбаниязова Айнұр Гупранова иемденді.

Аталған спартакиадада тоғызқұмалақ ойынынан ерлер арасындағы сайыста І орынды Әбдісалан Рабаев, қыздар арасында тоғызқұмалақтан І орынды Балжан Жанғалиева иеленді.

Спартакиаданың жабылу салтанатында барлық жеңімпаз бен жүлдегер аудандық білім беру бөлімінің арнайы кубогі, медальдар, дипломдары және қаржылай сертификаттарымен марапатталды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале