17.10.2023, 18:00
Оқылды: 29

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлері 1000 АЕК-тен алды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

5a92813eb549e53ef943926682102753_1280x720

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілген.

Олардың арасында Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұстазы Серік Қазиханов бар.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале