30.10.2023, 17:30
Оқылды: 95

Қаратөбеде сайлауға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысының  тапсырмасымен еліміздің 45 ауданында пилоттық жоба аясында тұңғыш рет биылғы 5 қарашада аудан әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асады. Осы жобаға біздің Қаратөбе ауданы да енгізілді.

29DECD33-2E9A-4CAA-B18E-DC381F5EC901

Қазіргі таңда ауданымызда осы саяси науқанға қызу дайындық жүргізілуде. Маңызды науқанға әзірлік кезеңінің өту барысымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалимен сұхбаттасқан едік.

– Бақытжан Қайырқұлұлы алдағы сайлауға дайындық туралы айтып өтсеңіз?

Биылғы 12 қыркүйек күні облыстық мәслихаттың сессиясы өтіп 5 қарашаға аудан әкімідерін сайлау туралы шешімі қабылданды. Сессия шешіміне сәйкес Қаратөбе ауданы әкімінің сайлауын тағайындау, Қаратөбе ауданы аумағында аудан әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы қаулыларымыз шығып, ҚР Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді. БАҚ-қа шығу керек хабарламалар күнтізбелік жоспар бойынша уақытында шықты. Күнтізбелік  жоспар бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Қаратөбе ауданы әкімінің сайлауында аудан бойынша 1 аумақтық, 19 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс атқарады. АСК мүшелері – 7, УСК мүшелері – 99. Барлығы – 106. АСК-ның мүшелерінің 100%, УСК мүшелерінің 97 % сайлау өткізуде тәжірибелері бар.

Учаскелік сайлау комисиялары мүшелерін оқыту бойынша 10 қазан күні «Астана ЛК» ЖШС «Сайлау процесінің құқықтық негіздері, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлауын даярлау және өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту өткізілді. ААСК, УСК мүшелері қашықтан оқыту, тестісінен 100% өтіп, сертификаттарын алды.

26-30 қазан күндері ААСК төрағасы мен төраға орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен сайлау учаскелері араланып, участіктердің жабдықталыуы, мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге қол жетімділіктің ұйымдастырылулары қаралып, комиссия мүшелерінің сайлау заңдылықтарының білуі тексеріліп шықты. 19 СУ-нің барлығында жылу, жарық, телефон байланыстары жасап тұр. Бюллетень сақтайтын сейфтері бар. Ерекше қосымша көмекті қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға әр сайлау учаскелерінде қол жетімділік мүмкіндіктері барынша жасақталды. Мүгедектігі бар қосымша көмекті қажет ететін адамдарға арналған бұрыштар ұйымдастырылған (компютер қойылып, құлаққаптар қосылған, лупалар қойылған). Барлық СУ пандустары, сан узелдары бар. Аудан бойынша 421 мүгедектігі бар адам сайлауға қатынасады. Олардың ішінде 59 адам дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылар. Олардың 15 адамы кресло арбамен қозғалатындар, 33 адам көру қабілетінен толық айырылғандар, 11 адам есту қабілетінен айырылғандар. Онлайн сервис 277, 278 СУ ұйымдастырылған.

Аудан  әкімдерінің  сайлауы иек астында. Осыған орай сайлаушыларды  ақпараттандыру  қандай деңгейде?

Аудан бойынша 10 жерге сайлауға шақыру банерлері ілініп, 19 сайлау учаскесінде 19 үгіт насихат тақталары, 20 орынға календарлар орнатылды, 250 плакаттар таратылды. 18 елді мекенде сайлауға шақыру аудио жазбалары дыбыс күшейткіші арқылы жіберілуде.

Үгіт насихат тақталары барлық жерде бірдей стандартта жасалды. Үміткерлердің бағдарламалары ілінді.

Әр үміткерге бөлінген жергілікті бюджет қаражаты есебінен үлестірме материалдар дайындалуда. Радио, телеарна, баспасөзге бағдарламаларын жариялау қаражаттары бөлінген.

Аудан әкімдігінен үміткерлердің халықпен кездесу орындары анықталып, кездесу кестелері жасақталды.

Бұл сайлаудың  ерекшелігі аудан басшысын  таңдап  алуға  тұңғыш рет аудан тұрғындарының өзіне (сайлаушыларға) мүмкіндік беріліп отыр. Тіркелген үміткерлер туралы айтып өтсеңіз?

Қазіргі таңда аудан әкімі лауазымына  үміткер болып  3 кандидат  тіркеліп отыр. Кандидаттардың барлығы да аудан тұрғындары,  ер адамдар. Кандидаттардың  жас аралықтары 40 жасқа дейін  2 адам, 52 жаста 1 адам.   Бір кандидат  «AMANAT» партиясынан ұсынылса, екі кандидат өзін-өзі  ұсыну  тәртібімен тіркелді. Сонымен қатар  кандидаттардың  95 сенім білдірген  өкілдері  тіркеліп,  тиісті  куәліктерін алды. Бүгінгі күнге  кандидаттардың   сайлауалды  үгіт-насихат жұмыстары  жүргізілуде. Насихат жұмыстары 2023 жылғы 4 қарашада жергілікті  уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталатын болады.

Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале