Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық кіші жүйесін ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру және қыс мезгіліндегі туындайтын төтенше жағдайлар кезінде жүргізілетін жұмыстарға жауапты органдардың, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында БҚО әкімдігінің нұсқаулығы және БҚО Төтенше жағдайлар департамент басшысы бекіткен іс-шаралар бойынша Шыңғырлау ауданында 23-24-ші қараша аралығында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Бұл оқу-жаттығу жұмыстарына барлығы 12 мекеме қатысты. Аудан әкімі М.Өміралиев жауапты бөлімдерді өзі қадағалап, дайындықтарымен танысып шықты.
Оқу-жаттығу жұмыстарының нәтижесі бойынша жауапты мекемелер мен техникалар қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайларға төтеп беруге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сақадай сай.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz