Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады.
Бүгін Мәжілісте қаралған білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында осындай норма бар.
Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов:
«Смартфонды тек сабақ барысына қажет болған кезде, мұғалімнің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Оқушылар сабақ кезінде тек білім алулары керек », - деді.
qazaqstan.tv