26.12.2023, 16:27
Оқылды: 156

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 650-ге жуық кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаментінің басшысы Әділхан Сабуров хабарлады.
e81664bb-2b7c-4135-b84b-763e9799fc80
Биылдан бастап Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнес жол» жобасын іске асыруда. 
Бүгінгі таңда төмендегі әкімшілік кедергілер жойылды. Бизнес субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.
50 проблемалық кейс шешілді, мысалы:
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шарттың талаптарына тауарды жеткізу мерзімін беру және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару бөлігінде өзгерістер енгізу жолымен 200 кәсіпкердің құқықтары қорғалды;
кәсіпкерлік субъектілеріне заңнамада көзделмеген міндеттерді жүктеу, атап айтқанда Төтенше жағдайлар департаментімен келісу бойынша заңсыз практика тоқтатылды;
жерді жалға беру туралы шарттарда (бұл 600-ден астам жер пайдаланушы) жергілікті атқарушы органның нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалануды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функция алынып тасталды;
- 142 кәсіпкерлік субъектісіне қоршаған ортаға эмиссия үшін артық төленген төлемдер қайтарылды.
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале