26.12.2023, 16:30
Оқылды: 183

БҚО-да волонтерлар мемлекеттік сатып алуда 19 миллион теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаментінің басшысы Әділхан Сабуров хабарлады.
ЖП ақша
Біздің өңірде жоба іске қосылғаннан бері 132 волонтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барынша жәрдем көрсетуге ниет білдірді. Олар бізбен өзара іс-қимылда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың
салдарын жою бойынша белсенді жұмыс істеуде.
Қоғамдық бақылау шеңберінде бағаны көтеру, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігіне мемлекеттік сатып алу мониторингін, өңірдің проблемалық мәселелеріне және тиісті жұмыс сапасы жоқ объектілерге мониторинг жүргізеді.
2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар 19 млн теңгеден астам сомаға бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды.
Мысалы, денсаулық сақтау саласындағы ұйым 1 дана дизель генераторын 6 910 985 теңге бағамен сатып алуды жоспарлаған болатын.
Бұл ретте, аталған тауардың бағасы 5 530 000 теңгені құрады. Волонтерлердің бастамасымен Департамент ұсынымдар енгізді, нәтижесінде ұйым осы тауарды сатып алу қажеттілігін болдырмау себебінен сатып алудан бас тартты. Осылайша 6,9 млн теңге сомасына бюджет қаражатын жұмсауға жол берілмеді. Тағы бір мысал, аудандардың бірінің демалыс орталығы жалпы сомасы
13 млн теңгеге, 1 300 000 теңге бағамен 10 дана микшерлі консольды сатып алуды жоспарлаған болатын.
Алайда аталған тауардың бағасы 126 579 теңгені құрайды. Волонтерлардың бастамасымен Департамент ұсынымдар енгізді нәтижесінде Орталық тауардың бағасын қайта қарап, 9,2 млн теңге
сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланылуына жол бермеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале