16.01.2024, 12:30
Оқылды: 25

БҚО: су тасқыны кезеңіне дайынбыз ба?

Облыс әкімдігінде 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

8AAD8861-EA8C-497C-9964-1718B7C837C5

Өңір басшысы ауа райының құбылмалылығын, ылғалдың мол болуын айтып, көктемгі су тасқынының алдын алуға ертерек дайындалу қажеттігін айтты.

БҚО ТЖД бастығының орынбасары Рашид Бляловтың мәлімдеуінше, облыста кешенді жоспардың 166 бағыты шеңберінде 700 млн теңгеге 133 іс-шара орындалған.

F92D951A-76B9-4ADE-AC1E-45B63CD535CD

– Әкімдіктер 210 млн теңгеге 100-ден астам жабдық пен арнайы техника сатып алды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін орнату, су қоймасын жөндеу, қажетті жабдықтарды сатып алу секілді қалған 33 шара бойынша жұмыстар жалғасуда, - деді ол.

Жиын барысында алдағы уақытқа арналған  ауа райы болжамы, су қоймаларын тиімді пайдалану жөнінде баяндамалар жасалып,  Бөрлі, Казталов аудандарының әкімдері мен Орал қаласы әкімінің орынбасары көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

21DAB71F-A1CF-4CF1-AB99-7B2EA1EBD260

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев орынбасарларына арнайы комиссия құрып, су тасқыны болуы мүмкін мекендерді аралап, су қоймаларын, құбырларын тексеруді тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале