24.02.2024, 12:00
Оқылды: 131

Санжар Рысқалиев өңірдің «Бала барысы» атанды 

"Орал" спорт клубының 10 жылдығына орайдастырылған жас палуандар жарысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Жеңіске жеткен әр спортшыға Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты, меценат,  облыстық жорық федерациясының президенті Саламат Сертеков, палуандар жарысын тамашалауға Шымкент қаласынан арнайы келген Берік есімді азамат әдемі күрес көрсеткен Аминь Ғұбайдулов атты палуанға өз қалтасынан 100 теңге тарту етті

3

"Жеңілген палуанға да бәйге берем, адалдығы көрініп тұрар болса", - дегендей "Бала барысы" жарысында жеңіске деген жігер көрсетіп, лайықты белдескен, көрермен көңілінен шыққан спортшыларға арнайы аталым жүлделері табысталды.

4

Мәселен, турнирдің «Ең жас палуан» аталымы бәйтеректік Шадияр Шыңғысқа, «Ең үздік әдіс» аталымы Бөрлі ауданынан келген Ораз Исмаилға бұйырса, теректідік Санжар Әлмурзин «Көрермен көзайымы», Жәнібек ауданының намысын қорғаған Аминь Ғұбайдулов «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді.

1

Ал "Бала барысы" атағын оралдық Санжар Рысқалиев жеңіп алды. Екінші орын сырымдық Ақдәулет Бердіғалиға, үшінші орын теректілік Ерхат Қожғали есімді палуанға бұйырды.

Барлық аталым жеңімпаздары мен жүлдегер жеңімпазға қомақты ақшалай сыйлық табысталды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале