26.03.2024, 16:30
Оқылды: 25

Су тасқыны: БҚО-дағы жағдай қандай?

Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын соруды сұраған 696 өтінім түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОРАЛ СУ 2024

Департаменттің сағат 15:00-де дайындаған мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 609 өтінімді орындап үлгерген. Әлі 87 өтінім бақылауда тұр.

Бұл жұмысқа 370 адам, 157 бірлік техника, 85 мотопомпа жұмылдырылған. Әзірге су тұрғын үйді баспады.

Тәулігіне барлығы 39835 м3 еріген қар суы сорылған.

ОРАЛ СУ 2024

Аудандық маңызы бар автожолдардың ішінде бес  жерде су жолды шайып өткен.

Солардың бірі - Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі Аттибек қыстағы, аудандық маңызы бар 7 шақырмындағы Жұбан - Сайқұдық ауылының жолы. Бұл учаскеге лента және жол белгілері қойылған. Айналма жол бар.

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округі аудандық маңызы бар Жәнібек – Таловка - Кіші өзен автожолының үш ойпатты учаскесінде су жолды шайып өткен. Борсы мен Жақсыбай ауылына кіреберіс 1 шақырымын, Жәнібек – Талов - Кіші өзен жолының 103 шақырымын су шайды. Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған

Ал Теректі ауданы Сарыөмірр ауылынан 9 шақырым жерде аудандық маңызы бар Сарыөмір - Дуана автожолының екі ойпатты учаскесінде су жолды шайып өткен. Көлік қозғалысы тоқтатылды.

Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Кандык ауылына шақырымға жетпейтін жерде, аудандық маңызы бар Сарыөмір - Аңқаты автожолын, облыстық маңызы бар Теректі - Ақсай автожолының 19 шақырымында, Богдановка ауылынан 1 шақырымында жолды су шайып кеткен. Көлік қатынап жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Барлық су басуы мүмкін орында кезекшілік ұйымдастырылған.

Облыс бойынша барлығы 2 840 дана қап салынған. Оның ішінде Оралда – 2000, Қаратөбе ауданында – 500, Сырым ауданында – 300, Теректі ауданында – 40 дана қап салынған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале