20.09.2016, 11:22
Оқылды: 17

Танымдық сайыс

%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%81  Шыңғырлау ауданының аудандық орталық балалар кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» атты интеллектуалды- танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында «Сәйкестендіру», «Қазақта тұңғыш», «Бәйге», «Сөздің көркі-мақал», «Көкпар», «Сөзжұмбақ» (капитандар сайысы), «Сен білесіңбе?», «Болашақ біздің көзімізбен» (әр топ Қазақстанды енді 25 жылдан кейін қалай елестетеді, суретпен бейнеледі) кезңдері бойынша қатысушы балалар сынға түсті.


  Сайысқа қатысқан командалар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

 Кеш барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде күйлер ойналып, билер биленіп, отанды, елді сүю тақырыбындағы өлеңдер оқылып, көрермендердің көңілінен шықты.

Г. Досиева

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале