Сурет: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Пациенттерді қолдау қызметіне қай кезде жүгіне аласыз?
- Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе
- Егер учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса
- Егер сіз аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса
- Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз
- Егер медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе
- Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса
- Егер жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса
- Егер диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз
- Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса
- Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса
- Егер өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз
- Егер медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы