14.08.2024, 9:30
Оқылды: 177

БҚО-да дәнді дақылдар жиналып жатыр

Танап басында тынбай еңбектенген өңір диқандары 63 мың гектар аумақта дәнді дақылдар орып, 72 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 11,5 центнерден келеді. Орақ науқаны жалғасуда.

A02594CA-ED5C-488D-9447-8CF536C6FE21

– Облыс бойынша барлық егіс алқабы – 607 мың гектар. Атап айтсақ, дәнді дақылдар – 309,4 мың га, майлы дақылдар – 98,1 мың га, малазықтық дақылдар – 195,5 мың га және картоп, бақша дақылдары – 3,9 мың га. Күзгі дала жұмыстарына және мал азығын дайындауға 11 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Соның ішінде күзгі дала жұмыстарына бөлінген 8,5 мың тонна болса, көктемгі дала жұмыстарынан қалған 2,7 мың тонна бар. Жеткізуші оператор болып «Нэфтек» ЖШС анықталды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 1993 тоннаға келісімшарт жасасып, 869 тонна (33%) дизель отынын сатып алды, – деп баяндады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берік Сейтқазиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.  

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларына 1,4 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері соған сәйкес шаруаларға 671 млн теңге субсидия төленіпті. Өңірде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін шаруаларға 5%-бен 2,4 млрд теңге бөлініп, толық игерілген.

Кейін «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы егіс және егін ору жұмыстарын 5%-бен қаржыландыру үшін 7,0 млрд теңге бөлінген. Бүгінде аграрилерге 2,04 млрд теңге беріліп, 0,13 млрд теңгеге өтінімдер қаралуда. Бұдан басқа агроөнеркәсіп кешенінің егіс және егін ору жұмыстарын қаржыландыру үшін «Aqjaiyq» ӘКК-ға 5 млрд теңге берілді.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале