18.09.2024, 12:15
Оқылды: 87

Кадр тапшылығы бар өңірлерге мамандар тарту бойынша арнайы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр – Оқу-ағарту министрлігі

Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысуға құжат қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

576CBFE2-40D9-41F4-BAED-19D6F4CE0431

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Бағдарлама Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында жүзеге асырылуда. Аталған  өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет етіледі. Бағдарламада педагогтерді қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылған: 150%-ға дейінгі мөлшерде ынталандырушы қосымша ақы төлеу, сондай-ақ арнайы бағдарламаға қатысушы ЖОО түлектеріне «педагог-модератор», ал «педагог-сарапшы» мен «педагог-зерттеушіге» бір саты жоғары біліктілік санатын беру. 

«Конкурсқа тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік білімі бар педагогтер, біліктілік санаттары бар педагогтер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi тұрғылықты жеріне қарамастан қатыса алады. Байқаудан іріктеліп, төрт облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақшада, орта мектепте орынмен қамтылады және олармен еңбек шарты 5 жылға жасалады», - дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев. 

Байқау екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу, эссе жазу, сондай-ақ әңгімелесуден өту. Тестілеу мен эссе жазу онлайн форматта еліміздің 17 өңірінде НЗМ базасында  қатысушының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өтеді.

Мұғалімдерді бос лауазымдарға тарту үшін тиісті өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан үйлестіру кеңестері, сондай-ақ министрлік жанынан конкурстық комиссия құрылады. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша 45 адам құжат тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале