2.10.2024, 16:00
Оқылды: 88

Жаңақалада Ұстаздар күніне арналған спартакиада басталды

Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімі және  «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай спартакиада басталды.

D6DD0D67-B990-4331-9413-D19A0D97D199

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, білім беру бөлімінің басшысы Данял Жұпмағамбетұлы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, «Jastar»  спорт клубының директоры Жанболат Жасқайратұлы қатысты.

515B2F3A-589A-4FFC-870E-9F701531B7E0

Аталмыш сайыста аудан және ауылдық  мектептердің мұғалімдерінен жасақталған 18 команда сайысқа түсіп жатыр. Жарыстың шымылдығын ашу үшін аудан әкіміне сөз  кезегі беріліп, барша ұлағатты ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.

CCC0B846-FD0C-4DB2-89BC-4E96D1AB540C

Содан соң Қазақстан Респубикасының Гимні ойналып, додаға қатысушылар шаршы алаңына шығу дайындығына кірісіп кетті. Командалар волейбол, шахмат және шашка, теннис ойыны мен арқан тартыс бойынша бақ сынайды.

79530E61-55F2-418D-82C2-32575DEF85B4

Сайыс қорытындысының нәтижесі кешке жарияланатын болады.

Фариза Махамбетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале