26.02.2025, 15:45
Оқылды: 152

Заң және тәртіп: БҚО-да комплаенс-офицерлер үшін оқыту семинары өткізілді

Батыс Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» нарративін нығайту аясында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.

1

Семинарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров ашты.

Ол комплаенс-қызметтің басты міндеті компанияларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуын уақтылы болдырмау, олардың қылмысқа айналуына жол бермеу екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда комплаенс-қызметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, ал комплаенс-офицерлерге заңдылық, өзара сенім және ашықтық негізінде бизнес-ортада сындарлы және парасатты ынтымақтастықты дамыту миссиясы жүктелген.

Спикерлер ретінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының комплаенс жөніндегі кеңесшісі Наталья Головина, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Лаула Норушева, қалалық көпбейінді аурухананың комплаенс-офицері Бақытты Алтаева, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның комплаенс-офицері Артур Ергарин, «БҚО әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу басқармасы» ЖШС-нің комплаенс-офицеры Лилия Дарисова сөз сөйледі.

Белгілі болғандай, 2023 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметіне де қатысты болды.

Академия спикерінің айтуынша, Президенттің Жарлығымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу көзделген. Оны енгізудің мақсаты: квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі жүйесін құру.

3

Сонымен қатар, спикерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудегі өз тәжірибелерімен бөлісті, талдау жүргізу кезінде және тоқсан сайынғы жиынтық ақпаратты толтыру кезінде комплаенс-қызметтердің алдында тұрған мәселелерді талқылады.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесіне комплаенс-қызметтердің қызметкерлерін тарту мақсатында осындай оқыту іс-шараларын үнемі өткізуді жоспарлап отыр.

Тәжірибе алмасу комплаенс-офицерлерге өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтауға және жолын кесуге көмектеседі.

Семинар соңында қатысушылар «ашық микрофон» форматында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі

 Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале