1.05.2025, 12:30
Оқылды: 313

Бөкей ордасы ауданында елдің татулығы мен ынтымағын дәріптеген концерт өтті

Бөкей ордасы ауданындағы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты концерт елдің татулығы мен ынтымағын дәріптеген шынайы рухани кешке айналды.

IMG-20250430-WA0122

Мерекелік  шарада аудан әкімі  Нұрлыбек Даумов  сөз сөйлеп, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, еліміздегі ұлтаралық келісім мен ынтымақтың маңызын атап өтті.
Кеш барысында жергілікті және ауылдық округтерден арнайы келген өнерпаздар түрлі ұлттың  әндерін орындаса, мың бұралған бишілеріміз де әдемі өнерлерімен көрерменнің көңілінен шықты.
Сахнада әуелеген ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би мен жүрекке жылу ұялатқан көріністер — барлығы да бірлік пен берекені жырлағандай әсер қалдырды.
Бұл кеш – бейбітшіліктің, достық пен өзара құрметтің мерекесі ретінде жиналған жұртшылықтың жүрегінен орын алып, Қазақстан халқының тұтастығын тағы бір мәрте айғақтады.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20250430-WA0131 IMG-20250430-WA0123 IMG-20250430-WA0124 IMG-20250430-WA0119 IMG-20250430-WA0106 IMG-20250430-WA0109 IMG-20250430-WA0112 IMG-20250430-WA0115

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале