Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы техникасының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы мен бағасының қол жетімділігі туралы хабарлады.

Ол ауыл шаруашылығы құрылымдарында 139 мың трактор, 5,6 мыңға жуық жоғары өнімді егіс кешендері, 71 мың сепкіш, 141 мың топырақ өңдеу құралдары бар екенін атап өтті. Өңірлердің ақпараты бойынша техниканың дайындығы шамамен 99%-ды құрайды.
Сондай-ақ министр көктемгі егіс кезінде тұқымға жалпы қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрағанын хабарлады. Тексерілген тұқымдардың 99%-ы кондициялы болып саналады және егу стандартының 1 және 2 класына сәйкес келеді.