11.06.2025, 10:15
Оқылды: 370

Казталов ауданының әкімі студенттермен кездесті 

 

Жуырда облыс орталығында Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов жоғары оқу орны және арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесті. Казталовтық студенттермен кездесуде аудандағы кадрлық саясатты жетілдіру, жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту, жастарды жан-жақты қолдау мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 10.55.37

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, аудандық «Мансап» орталығының директоры Эльмира Сармалаева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры міндетін уақытша атқарушы Айбек Көшеғалиев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуы жөнінде баяндап, маман жетіспеушілігі мәселесін тілге тиек етті.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 10.55.37 (1)

— Қазіргі таңда ауданымызда кадрлық саясатты жетілдіру мақсатында жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Салалық бөлім, мекеме басшыларының ұсынған деректеріне сәйкес, ауданымызда білім саласына - 59 маман, медицина саласына - 17 маман, мемлекеттік қызметке - 8, әлеуметтік салаға-11, есеп және аудит-11, ауыл шаруашылығы – 14, мәдениет және спорт -15, құрылыс-5, тұрғын үй және жол - 6, газ саласы - 3, энергетика - 12, әскери және құқық қорғау органдарына - 14 маман қажеттілігі бар, — деді бөлім басшысы.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 10.55.38 (1)

Салалық бөлім басшылары бос жұмыс орындарына жеке-жеке тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін атап өтті. Кездесуде студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, туған жерде қызмет етуге ниетті екендігін жеткізді. Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы жастарға ризашылығын білдіріп, туған жерге қызмет етуге шақырды.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 10.55.38

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда жастарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында ілкімді істер атқарылуда. Сіздер оқу орнын аяқтап, қолға диплом алған соң қалаған мамандықтарыңызға сәйкес ауданда қызмет етуге шақырамын! Біз жастарды жан-жақты қолдауға әзірміз. Бүгінгі кездесудің де мақсаты сіздермен сұхбаттасып, пікір алмасу, — деді аудан әкімі. Еркін форматта өткен жиында жастарға туған жердің дәмі, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2025-06-11 at 10.55.38 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале