29.07.2025, 9:45
Оқылды: 109

Қазақстанда 245 мектеп кешенді реновациядан өтуде

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_29_2ce51bab16e785b4f5f00ce0e4113d2d_1280x720

Сурет: gov.kz

Алдағы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті жаңғырту жоспарлануда.
Биылғы жылы 245 мектепте кешенді жұмыстар басталды. Оның 146-сы ауылдық жерлерде, 99-ы қалаларда. Жоспар бойынша:

214 мектепке – күрделі жөндеу жүргізіледі;

19 мектепте – ағымдағы жөндеу;

12 мектепке – реконструкциялау жүргізіледі.

Жобаны іске асыру шамамен 100 мың оқушы үшін білім алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба заманауи білім беру стандарттарына сай тоғыз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жаңғырту жұмыстары аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау және аумақтарды заманауи стандарттар бойынша абаттандыру көзделген.

Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең жағдайда білім алу және жан-жақты даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале