18.08.2025, 23:00
Оқылды: 435

Бөкейде шекарашылар құрметіне арналған шара өтті

Бөкей ордасы ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов шекара қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

IMG-20250818-WA0085
Аталмыш шараға «Орда» шекара заставасының шеке құрамы, Сайқын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдоллин, АП бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушысы Сабыржан Камешов, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Мақсот Құрамшин және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков қатысты.

IMG-20250818-WA0090

Өз кезегінде Кенесары Нұршинов:
— Қай елдің болмасын, мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екені белгілі. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ елі тарихи бабалар аманатын арқалап, ұлан-байтақ жеріміздің шекарасын бекемдеп, мызғымас бекінісін нықтай түсті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 1992 жылдың 18 тамызында «Шекара әскерлерін құру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл айтулы күн Қазақстанның мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне 2012 жылдың 29 тамызында енгізілді. Содан бері 18 тамыз елімізде Шекарашылар күні ретінде тойланып келеді.
Қол жеткен азаттықты елдің мықты әскері ғана қорғай алады десек, халық тыныштығын қамтамасыз ету әрбір азаматтың абыройлы міндеті, перзенттік парызы. Осы тұрғыда кірпік қақпай, ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы ауданның шекарашыларының еңбектері орасан, - деп, аға лейтенант Аслан Айтбай, кіші сержант Мақсат Байжанов, ефрейтор Бейбарыс Шайхуллиндерді аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан алғысхатымен марапаттады.

IMG-20250818-WA0092
Сонымен қата, ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаменті, Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы полковник Е. Аймурзаевтің алғысхаты Данияр Алиев, Санжар Амангелдиев, Нұрберген Ахметов есімді азаматтарға табысталды.
IMG-20250818-WA0088
Жиын барысында Тілеген Арыстанбеков пен Мақсот Құрамшин және Сабыржан Камешов те мереке иелеріне деген тілектерімен бөлісті.

IMG-20250818-WA0080
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале