Қаратөбе ауданының орталығында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып, кәсіпкерлікті қолға алған Жәнібековтер отбасының жартылай фабрикат өнімдерін дайындайтын «ТАNDAU» цехы ашылды.

«ТАNDAU» цехының ашылу салтанатында алғаш сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев отбасылық кәсіпті қолға алған Жәнібековтер отбасын аталмыш цехтың ашылуымен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар цехтың ашылуында әулеттің үлкені, еңбек ардагері Еркінбек Жәнібеков сөз алып, іс-шараға жиналған барша қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

Цехтың лента қию рәсімін аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен ауыл ағасы, ардагер Еркінбек Ғаббасұлы жүргізді.


Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен салтанатты іс-шараға қатысушылар цех ішіндегі өнімдер дайындауға арналған арнайы құрылғылармен танысты. Цех, қызмет талабына сай заманауи құрылғылармен қамтылған.

Цехта жаңадан екі жұмыс орны ашылған.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы