Бүгін Теректі аудандық мәдениет үйінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әсемдік әлемі» атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты шараға Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, барша аналар мен аруларды құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. Сондай-ақ іс-шара аясында әр салада табысты еңбек етіп, кәсібилігімен көзге түскен мереке иелері аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың қоғамдағы орны мен еңбегі ерекше бағаланып, құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар Теректі ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Арман Есқалиев бірқатар үздік сала мамандарына Қазақстан полициясына 30 жыл медалі мен алғысхатын табыстады.

Мерекелік кеш барысында өнерпаздар әнмен әрленіп, бимен көмкерілген шығармашылық қойылымдарын ұсынып, барша әйелдер қауымының мерейін асқақтатып, көңілін тасытты.

Қаламқас Аманжолқызы
Теректі ауданы