17.02.2017, 18:58
Оқылды: 48

Қаратөбеде былтыр 14 өрт оқиғасы тіркелген

 

Бұл туралы Қаратөбе аудандық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов мәлімдеді.

- Өрт оқиғасына кінәлі деп танылған 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрттің салдарынан келген материалдық шығынның көлемі 1 млн. 880 мың теңгені құрады.

Аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау және ақаусыз жылыту құралдарын қолдану, тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған  әңгіме жүргізілді.

Төтеншеліктер тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында сақтық шараларын орындау қажеттігін ескертеді.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале