15.05.2026, 19:00
Оқылды: 8

Кітаппен қанаттанған жанұя

Бүгін Орал қаласындағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 65 жылдық мерейтойы мен халықаралық отбасы күніне орай «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2026» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауда Жаңақала ауданына қарасты Пятимар ауылының Қарағойшиевтер жанұясы да бақ сынаған болатын.
image-15-05-26-04-17
Нәтижесінде 11 отбасының ішінен абырой биігінен көрініп, 2-орынға ие болды. Отағасы Нұрлан мен отанасы Дария төрт баланың ата-анасы. Балаларын кішкентайынан кітаппен дос болуға баулып, рухани дүниелерін кемелдендіріп келеді.
photo-output
Оқуға құмар отбасын жүлделерімен құттықтай отырып, кітапқа деген құштарлықтары кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деп тілейміз.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале