"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы сейсенбі, 2026 жылғы 19 мамырға арналған ауа райының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, антициклон сілемдері әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы тек республикамыздың орталығында тіркеледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондай-ақ атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, еліміздің шығысында күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Болжамға сәйкес, түнде:
Абай облысының шығысында, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында үсік жүреді, сынап бағаны -2...-3°С;
Ақмола облысының шығысында да топырақ беті қатады, сынап бағаны -2°С көрсетеді.
Сондай-ақ, Қазақстан бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, оңтүстікте, батыста, солтүстік-батыста-шаңды дауылдың тұруы, түнде солтүстікте, оңтүстік-батыста тұманның түсуі жатқызылады.
Бұл ретте сейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупі күтіледі: