14.06.2026, 11:00
Оқылды: 19

«Qaitadan» Орталық Азияның үздік фильмі атанды

Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

_gluster_2026_6_12_6fec486d9671bcd90068950e6ee75b50_1280x720

Фото: gov.kz

Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді.

«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат — STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале