15.06.2026, 17:15
Оқылды: 7

NIS мектептері арасындағы спартакиада Орал қаласында өтті

2026 жылдың 12-13 маусым күндері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтері мен қызметкерлері арасындағы желілік Спартакиада өтті. Дәстүрлі спорт додасы биыл 16-шы рет Орал қаласындағы NIS-те жалауын желбіретті. Еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінен барлығы 300-ге жуық қатысушыны қамтыған 18 команда бақ сынасты.

1eb34b90-168a-4aaf-9990-5c830b7cc031

Бұл Спартакиада — тек спорттық жарыс қана емес, NIS желісі қызметкерлерінің арасындағы достық пен әріптестік байланысты нығайтатын, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шара.

Ауқымды шараның шымылдығы шаһарымыздағы «Jaiyq Арена» спорт кешенінде түрілді. Ашылу салтанатына аталған жарысқа қолдау көрсеткен мекеме өкілдері – «Ақсайгазсервис» АҚ директорының орынбасары Дархан Ғарапшаұлы және «Ақжайық» спорт кешенінің директоры Дамир Фаатұлы қатысты. Жеті спорт түрінен өткен сайыстарға қаламыздың белді спортшылары төрешілік етті.

87c04e1d-b124-4b15-a411-2da132ab0982

Сайыстың алғашқы күні қатысушылар волейбол, үстел теннисі және садақ атудан бақ сынаса, екінші күні футбол, шахмат, ләңгі тебу және арқан тартыс ойындары бойынша мықтыларды анықтады.

Екі күнге созылған желілік жарыстың жабылу салтанатына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Төрағасының орынбасары Жанбота Жетылбековна арнайы қатысып, аталған спорттық іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, жүлдегерлерге марапаттарын табыстады. Жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды Ақтөбе қаласындағы NIS командасы иеленіп, ІІ орынға Қызылорда қаласындағы NIS спортшыларылайық деп танылды. Ал І орынды Орал қаласындағы NIS командасы жеңіп алды.

66c0d509-cee0-4c92-8142-3db204fd32ef

Жыл сайын еліміздің әр аймағында ұйымдастырылатын бұл желілік Спартакиада алдағы оқу жылдарында да өз жалғасын таппақ.

 

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік

 мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале