15.06.2026, 17:45
Оқылды: 7

БҚО-да МӘМС арқылы оңалту көмегін алуға болады

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екі мәрте ишемиялық инсульт алған. Ауру салдарынан оның сол жақ аяқ-қолында әлсіздік пайда болып, өздігінен жүріп-тұруы қиындаған.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 18.16.53 (1)

Науқас №6 емхананың жолдамасымен «Мейірім» медициналық орталығына келіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін медициналық оңалту курсынан өтті.

Оңалту барысында пациентпен логопед, массаж және емдік дене шынықтыру маманы жұмыс жүргізді.

– №6 емханадан жолдама алып, тегін оңалтудан өттім. Менімен логопед, массаж және емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс істеді. Соның нәтижесінде жағдайым жақсара бастады. Маған көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – дейді пациент.

Емдік дене шынықтыру маманы Армат Шамратовтың айтуынша, науқас орталыққа келген кезде сол аяғындағы әлсіздік, сол қолының ұюы және өздігінен дұрыс жүріп-тұра алмауы мазалаған.

– Пациент МӘМС есебінен медициналық оңалту емін алуға келді. Оған қажетті ем-шаралар толық көлемде көрсетілді. Емдік дене шынықтыру, массаж және басқа да қалпына келтіру емдері жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайында оң динамика байқалады, қозғалыс белсенділігі жақсарып келеді, – дейді маман.

Айта кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар медициналық көрсетілімдер бойынша дәрігердің жолдамасымен мемлекеттік медициналық ұйымдарда ғана емес, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатын жеке клиникаларда да тегін медициналық оңалту қызметтерін ала алады.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында МӘМС жүйесі аясында медициналық оңалту қызметтерін көрсететін 32 медициналық ұйым бар. Сақтандырылған азаматтар дәрігердің жолдамасы негізінде осы ұйымдарда тегін оңалту көмегін ала алады.

Сымбат Жанабергенқызы,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале