Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындары аясында қол күресінен жарыстар жалғасуда. Елдің барлық өңірлерінен жиналған мықты спортшылар қатысқан додада Батыс Қазақстан облысының өкілдері де өз шеберліктерін көрсетті.

65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айдана Әлжан жарыс барысында жоғары дайындық деңгейін байқатып, жүлделі орындар үшін таласта лайықты өнер көрсетті. Нәтижесінде жерлесіміз халық ойындарының қола медалін иеленіп, облыс қоржынына жүлде салды.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының тағы бір спортшысы Көркем Сырым да табанды күрес көрсетті. Ол жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады.

Халық ойындары аясындағы жарыстар әлі де жалғасуда. Өңір спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша облыс намысын қорғап, жүлделер үшін күресті жалғастыруда.
Бекзат Қанәділ,
Фото автордан,
zhaikpress.kz