8.08.2026, 10:00
Оқылды: 8

Отан шебін күзеткен ерлерге құрмет көрсетілді

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Шекарашылар күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.

image-08-08-26-03-09

​Жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, ел тыныштығы мен мемлекеттік шекараның беріктігін күзетіп жүрген әскери қызметшілер және сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы шекарашылардың Отан алдындағы жауапты қызметін ерекше атап өтті.

Салтанатты шара барысында міндетін мінсіз атқарған бірқатар әскери қызметшіге аудан әкімінің құттықтау хаттары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық марапаттары табысталды.

image-08-08-26-03-08

Мерекелік жиын аудандық мәдени-демалыс орталығы әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасты.

image-08-08-26-03-08 (1)

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале