18.08.2026, 21:00
Оқылды: 5

Қазақстанда 2026 жылы жоспарланған 10 ЖЭК жобасының жетеуі іске қосылды

Қазақстанда жасыл энергияны дамыту жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

163aeba4-4002-4c19-9868-c3e6c0ba36b2

Фото: Minenergokz

Биыл еліміз бойынша жалпы қуаты 245 мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын іске қосу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде соның жетеуі жұмысын бастап кетті.

Жаңадан іске қосылған нысандар қатарына Қостанай облысындағы екі үлкен станса («Aspan Energo» және «Altyn Solar Energy»), Маңғыстау облысындағы күн электр стансасы («Stellar Energy»), Жетісу облысындағы «Jetisu Terra Power» стансасы және Қарағанды облысындағы «Гиперборея» компаниясының үш жел электр стансасы кіреді.

Жыл соңына дейін Қызылорда облысында екі күн электр стансасы мен Түркістан облысында шағын гидроэлектр стансасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұндай экологиялық таза стансалардың көбеюі Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоршаған ортаға түсетін зиянды азайтуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале