18.08.2026, 16:00
Оқылды: 5

Ермек Сулейменов «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес Ермек Унгарбаевич Сулейменов «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.

6f3d1908-f3c4-478d-801c-928fd8736895

Ермек Сулейменов азаматтық қорғау органдарындағы кәсіби қызметін 2007 жылғы сәуір айынан бастап атқарып келеді. 2025 жылғы қаңтардан бастап ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Қызмет жылдары ішінде ол өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Тұрғын үй секторында, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында, газ толтыру және автогаз құю станцияларында газ жабдықтары мен газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына бағытталған профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысады.

9e848274-772a-4468-842d-3fef3a1e4296

Сонымен қатар заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу үшін белгіленген біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады.

Практикалық қызметпен қатар, Ермек Сулейменов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Оның «Автожанармай құю станцияларындағы ықтимал апаттар» атты мақаласы қоғамдық-саяси және құқықтық бағыттағы «Юридическая» газетінде жарияланған.

Мерейтойлық медальмен марапатталуы Ермек Сулейменовтің көп жылғы кәсіби еңбегіне, жауапкершілігіне, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға болды.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД Ермек Унгарбаевичті лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және алдағы кәсіби қызметіне толағай табыстар тілейді!

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале