18.08.2026, 15:15
Оқылды: 9

Семинарда бас қосты

Аптаның басында Подстепное ауылында 2026 жылдың 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысының сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті.

776724201_3418143778367492_633051152351991320_n

Аталған семинарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шафхат Әнесұлы Өтемісов қатысты. Жиын кезінде Шафхат Әнесұлы өзінің келген жұмыс сапарымен таныстырып, сайлау комиссияларының мүшелеріне алдағы өтетін сайлауда сәттілік тіледі.

774236850_3418116365036900_3049442935761172278_n

"Құрылтайдың алдында сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өткізуді жоспарладық. Олардың сайлау кезінде біліктілігі мен тәжірибелерін арттыру мақсатында комиссия мүшелерінің басын қосып, оқу-семинарын ұйымдастырдық. Жаңа, өздеріңіз көргендей бірнеше сайлау учаскесінде болып, мән-жәймен таныстық. Әзірліктерін көрдік. Түзететін жерлерін ескертіп айттық. 23 тамызда болатын сайлауға халқымыздың белсенділік танытуына баршамыз атсалысып жатырмыз. Аталған жұмыстарды әлі де қолға алу керек. Сайлау науқанына тыңғылықты дайындықпен келіп, жан-жақты қаралып, аталған жұмыстарға жоғары деңгейде дайын болуымыз қажет",- деді Шафхат Әнесұлы.

Аталмыш семинар 4 аудиторияға бөлініп, біліктілікті арттыру сабақтары өткізілді. Одан соң сайлау комиссияларының мүшелерінің арасында тесттер жүргізіліп, нәтижелері анықталды.

 

Т.ӘНУАРҰЛЫ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале