17.08.2026, 22:30
Оқылды: 4

Бөрлі ауданында ел шебін қорғаған шекарашылар мен ардагерлер марапатталды

​Ақсай қаласындағы «Наурыз» демалыс саябағында Қазақстан Республикасының Шекарашылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

IMG-20260817-WA0118

Ел шебін күзетіп, Отан тыныштығын қорғаған шекарашылардың кәсіби мерекесіне арналған жиынға сала ардагерлері, әскери қызметшілер, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

​Мерекелік жиында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік шекараның беріктігі ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін атап өтті. Ол Отан шебін күзеткен сарбаздардың еңбегі мен ардагерлердің өнегелі жолына ризашылығын білдірді.

IMG-20260817-WA0126

​Салтанатты шара барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанның құттықтау хаттары, сондай-ақ алғысхаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеген ардагерлердің ерлігі ерекше аталып, оларға «Қазақстан патриоты» төсбелгісі мен «Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдары берілді.

IMG-20260817-WA0130

​Кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие берер өнегелі шара Бөрлі аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндерге толы мерекелік концертімен ұласты.

​Сәнім Меңдібай, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале