20.08.2026, 23:00
Оқылды: 55

21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, Астанада 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды.

5199709402972233555

Фото: Polisia.kz

2005 жылы елордада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған болатын, бірақ ол кезде айғақтардың жеткіліксіздігінен қылмыстың бетін ашу мүмкін болмаған еді. Биыл полиция қызметкерлері архивтік істі қайта зерделеп, ауқымды жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұл қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталып, тамыз айында ұсталды. Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап, қазіргі уақытта қамауға алынды.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу мәселесі Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале