Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аудандағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындық барысы туралы кеңес өтті.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы өзекті мәселенің бірі әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерінің қыс айларына дайындық жұмыстарын жүргізуге науқандық штаб құрылып, аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен жұмыс жүргізіліп жатырғанын айтты. Атқарылған дайындық жұмыстары туралы хабарлама жасаушы аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Мұратұлы сөз кезегін алып, жиналыстың күн тәртібе сай аудандағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындықтары туралы хабарлама жасады.
– Жалпы аудан бойынша 89 әлеуметтік нысан болса, барлығы да 100 % газбен жылытылады. Қазіргі уақытта мекеме ұйымдармен газ есептегіштерді және сигнализаторларды тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру саласы бойынша: 26 нысан, денсаулық сақтау саласы бойынша: 15 нысан, мәдениет саласы бойынша: 20 нысан және басқа мекемелер бойынша: 28 нысан.
Әзірге дайындық паспортын ешбір мекеме алмады. Алдағы қыркүйек айында барлық ауылдық округтерге комиссиямен шығу жоспарлануда.
Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесінің теңгеріміндегі су құбырларының қысқы маусымға дайындығы жоспарға сай жүргізілуде. Биылғы жылы кәсіпорынға, құдықтарға қажетті электр қуатын беретін 3 дана генератор берілді. Резерв ретінде 5 дана су сорғысын алу қарастырылып отыр.

Батыс Қазақстан электр тарату компаниясының 4 жылдық жоспарына сай (2023-2027 жылдар) биылғы 2026 жылы аудандық электр торабымен 10 кило Ватт әуе желісінің – 3,99 шақырымына, 0,4 кило Ватт әуе желісінің – 3,78 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған, сонымен қатар 4 дана қосалқы бекетке (трансформатор) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
2026 жылдың 10 тамыздағы жағдай бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелердің электр энергиясы бойынша берешегі бар 8 мекемеге ескертіліп, бүгінгі күнге 7 мекеме толық есептесіп, қалған 1 мекеме тамыз айының 15-не дейін есептестін болады.

Мекеме басшыларынан тенгерімдегі нысандардың жылыту қазандықтарын, су айдағыш насостар мен генераторларлардың, сигнализатордың дайындығын қазірден бастап жіті қадағалап, дайындық жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен жүргізулері сұралады, – деді сала басшысы Қанат Мұқанов.
Ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары бас қосқан кеңес отырысында аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев алда келе жатырған маңызды саяси науқан 23 тамыздағы Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізуге байланысты дайындық барысына да тоқталып, қаратөбеліктердің сайлауға ұйымшылдықпен белсене қатысатындықтарына сенім білдірді.
Ерболат МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ,
Қаратөбе ауданы