20.08.2026, 16:45
Оқылды: 8

Кеңесте талқыланған төрт тақырып

Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Аудан  әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен өткен отырыс күн тәртібінде  төрт мәселе қаралады.

IMG-20260820-WA0079

Аудандық мәдени-демалыс орталығының үйірме жетекшісі Жоламан Сисенғалиев пен балалар музыка мектебінің директоры Айзада Тілепова мектеп жасындағы балалардың үйірмелерге қатысуы, жасөспірімдердің қатысуымен өткізілген мәдени көпшілік іс-шаралар туралы баяндаса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәурен Дәуленов мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек  турасында хабарлама жасады.

- Аудандық мәслихат шешіміне сәйкес мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, «Капустин Яр», «Азғыр» ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен санатқа жататын мүгедектігі бар балаларға ай сайын әлеуметтік көмек, сондай-ақ дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде емделуге біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

IMG-20260820-WA0069

Жыл басынан бері аталған санаттағы 51 мүгедектігі бар балаға 2 641,7 мың теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек, ал емделуге мұқтаж 13 балаға 843,4 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Ай сайынғы төлем мөлшері – 2 АЕК (8 650 теңге), біржолғы төлем мөлшері – 15 АЕК (64 875 теңге).

IMG-20260820-WA0073

Сонымен қатар, «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» аудандық мәслихат шешіміне сәйкес, жеке оқу жоспары бойынша үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері 6 мүгедектігі бар балаға 627,1 мың теңге көлемінде қаржы төленді. Әлеуметтік көмектің ай сайынғы мөлшері – 5 АЕК (21 625 теңге).

Мүгедектігі бар балалардың жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 23 бала міндетті гигиеналық құралдармен, 12 бала ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 3 мүгедектігі бар балаға кресло-арба әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беріліп, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

IMG-20260820-WA0075

Балалардың денсаулығын жақсарту және оңалту мақсатында 4 мүгедектігі бар бала ата-аналарымен бірге санаторийлік-курорттық емделуге жолданды. Жыл аяғына дейін тағы екі 2 мүгедектігі бар бала жолданатын болады. Сондай ақ, жыл басынан 2 мүгедектігі бар бала «Ақжайық» оңалту орталығына жолданып, қажетті емін алды. Қазіргі таңда 8 мүгедектігі бар балаға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде, - деді Дәурен Жасқайратұлы өз сөзінде.

Балаларды кибербуллинг пен киберқылмыстан қорғау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы заңды өкілдерісіз жүрмеуін бақылау тақырыбында да баяндамалар тыңдалды.

Анар АРТЫҚБАЙ

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале