20.08.2026, 16:15
Оқылды: 7

Судың жаңа сүрлеуі

Дала картасын қайта сызғандай, Қосаралдың етегіндегі ескі сүрлеулердің бағытын су өзгертпек. Бұған себеп – ауыл іргесінде салынып жатқан бөгет. Қосаралға жасаған сапарымызда ел үшін маңызды осы жұмысқа куә болдық.

Судың жаңа сүрлеуі 1

Ауыл әкімі Айдархан Рамазановтың айтуынша, бұл бөгет Қосарал тұрғындарының, әсіресе шаруагерлердің көптен күткен арманы. Себебі бөгет арқылы ауыл маңындағы сай-сала, көбек пен жүлгелерге су жиналып, өзен суын далаға жібермей, ауыл айналасына құяды.

Мұның шаруашылыққа берері мол. Бөгет арқылы су жиналатын шабындықтардан шамамен 20 мың бума шөп дайындауға мүмкіндік болады.

Судың жаңа сүрлеуі

Бұл өңірде судың шаруашылық үшін маңызы бұрыннан белгілі. Жергілікті аумақтағы ескі бөгет кезінде мыңдаған гектар шабындыққа су жеткізген. Кейін гидротехникалық нысандардың тозуы мен су жолдарының қараусыз қалуы мәселені күрделендірген.

2024 жылғы тасқын кезінде өзен суының мол келгені де су жолдарын реттеудің қажеттігін көрсетті. Табиғи ойыстар мен айдындарға жиналған суды ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану – маңызды мәселе.

Қосаралдағы бөгеттің құрылысы 2025 жылдың қараша айында басталған. Жобаның құны – 212 миллион теңге. Жұмысты «Құрылыс Газ» ЖШС атқаруда. Нысанның көлемі – 40х10 метр.

Қ.Жеңісұлы,

Сырым ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале