Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п) автомобиль жолының 247-шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі - деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Сурет: видео сриннан алынған
Осыған байланысты 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін аталған учаскеде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеледі.
Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.